Үкімет
2 мин оқу 580

Ұлттық жобаны іске асыру барысы

<p style="text-align: justify;">Вице-премьер Қанат Бозымбаев &laquo;Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту&raquo; (ЭКСЖ) жөніндегі ұлттық жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ол қанатқақты жобаларды қаржыландыру, сатып алу тетігі, отандық өндірушілерді қолдау және &laquo;Smart Turmys&raquo; бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселелері бойынша есептерді тыңдады.</p>

Ұлттық жобаны іске асыру барысы

Қазірде аталған құжат аясында 48 қанатқақты жоба бекі­тілген. Биыл «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 қанатқақты жобаны іске қосуға 22,5 млрд теңге бөлінді. Бұл – «ҚТК» АҚ тарапынан әкімдік­тердің облигацияларын сатып алып, жылу, су, су тазарту және электрмен жабдықтау нысандарын жаңғыртуға бағытталған алғашқы тәжірибе.

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ қарауында жалпы құны 118,4 млрд теңгені құрайтын 8 жоба бар. Мем­лекеттік органдар отан­дық тауар өндірушілер мен табиғи монополия субъектілері арасында өзара іс-қимыл­ды ұйымдастырды. Отандық өндірушілердің тізілімі жасақталып жатыр. Өңірлер бойынша 669 EPC-мердігер және 2,2 трлн теңгенің 2,7 мың тауар позициясы айқындалды.

Офтейк келісімшарттар аясында өндірісті жолға қою үшін әлеуетті тауарлар тізімі жасалды. Тауар­ларға деген сұраныс Өнер­кәсіп және құрылыс министр­лігінің және «QazIndustry» АҚ-ның ресми сайттарында жарияланды.

Сонымен қатар Элект­рон­дық сатып алу плат­­фор­масы әзірле­ніп жатыр. Саладағы қауым­дас­тықтар мен отандық өндірушілерге тауарларды сатып алу тетігін түсіндіру бо­йын­­ша кездесулер өтті. Ұлт­­тық жобаның негізгі ба­ғыт­тарын түсіндіру мақ­сатында өңірлерде көшпе­лі семинар-кеңестер жалға­сып жатыр. ЭКСЖ-ның жүзе­ге асы­рылу барысы modernization.kz сайтында және «Мод­ер­низация.Кз» Teleg­ram-ар­насында жария­ланып отырады.

Жобалық офис оты­рысын­да одан бөлек тұр­ғын үй-коммуналдық шар­уа­­шылық саласын цифр­лан­дыру, аспаптармен жаб­дықтау және жасанды ин­теллекті енгізу, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зер­делеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиынды қорытын­дылай келе, вице-премьер Қанат Бозымбаев әкімдіктер мен салалық министрліктерге Ұлт­тық жоба аясында жүзе­ге асып жатқан барлық үдерістерді жедел аяқтау және өңір­лердің 2026–2029 жыл­дарға арналған қажет­тіліктерін айқындау жөнінде бірқатар тапсырма берді. 

Бөлісу:
Ұлттық жобаны іске асыру барысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар