Төтенше жағдай
1 мин оқу 90

Шымкентте мешітте өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Шымкентте екі қабатты мешіттің шатыры өртеніп, оқиға орнына төтенше жағдай қызметі жедел жетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентте мешітте өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, оқиға Тұран шағынауданындағы К. Әділбеков көшесінде орналасқан мешітте болған.

112 пультіне түскен қоңыраудан кейін құтқарушылар дереу жетіп, шатырдағы ағаш конструкцияларды бұзып, өртті сөндірді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, мешіттен адамдар дер кезінде эвакуацияланып, ешкім зардап шеккен жоқ.

Министрлік тұрғындарды тағы бір рет өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Шымкентте мешітте өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар