Қоғам
1 мин оқу 110

Астанада көмірдің орташа бағасы қанша?

<p style="text-align: justify;">Елордада көмір сатуға арналған 17 қойманың 14-і халыққа қызмет көрсетіп отыр. Барлық сату орындары тиеу-түсіру техникасымен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада көмірдің орташа бағасы қанша?

Қала әкімдігінің хабарлауынша, көмір сату орындарында 8 жеткізуші компания өз қызметін көрсетеді. Олар келесі мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал, 28/2; Мақат, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Ахмет Жұбанов көшесі, 35; Дулатов көшесі, 182/1; 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), уч. 9А; Герцен көшесі, 6Б.

Қазіргі уақытта Астанада көмір бағасы орта есеппен мынадай деңгейде:

  • Шұбаркөл – 18 000 теңге/тонна;
  • Қаражыра – 18 500 теңге/тонна;
  • Майкөбе – 15 500 теңге/тонна.
Бөлісу: