Төтенше жағдай
1 мин оқу 60

Павлодарда химиялық тәжірибе салдарынан жеті бала зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Павлодарда №37 мектептің жетінші сынып оқушылары жасаған тәжірибе апатқа ұласты. Құтқару қызметінің дерегінше, мектепке өрт сөндірушілер, құтқарушылар және ТЖМ-нің катастрофа медицинасы орталығының бригадасы жеткен, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда химиялық тәжірибе салдарынан жеті бала зардап шекті

Оқушылар өз қолдарымен химиялық қоспа салынған бөтелке әзірлеген. Артынша жарылған. Жеті бала жарақат алды. Балалардың бірі орталық дәрігерлерінен алғашқы медициналық көмек алған, қалған алтауы жедел жәрдем қызметкерлері қарағаннан кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнына екі бригада барған. Балалардың қолының, бетінің және көзінің күйгені анықталған. Олар «Крот» тұрмыстық құралы, газдалған сусын «Мохито» және фольга араластырғаннан кейін жарақаттанған.

Қазір оқушыларға дәрігерлер медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Бөлісу:
Павлодарда химиялық тәжірибе салдарынан жеті бала зардап шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар