Оқиға
1 мин оқу 70

Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жеңіл көлік жүргізушісі автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті жағдайлар туғызған. Содан кейін ол автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасап, пышақ шығарған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні таңғы сағат 09:00 шамасында болған.

«Оқиға орнында жол қозғалысы жағдайына байланысты автобус жүргізушісі мен көлік жүргізушісі арасында жанжал туындағаны анықталды. Көлік жүргізушісі жол қозғалысына кедергі келтіріп, төтенше жағдай туғызғаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар