Президент
1 мин оқу 40

Президентке «Көк шалғын» жобасы таныстырылды

<p style="text-align: justify;">Жоба тұжырымдамасына сәйкес, Көкшетау қаласындағы Мәңгілік алау, Даңқ аллеясы, Тәуелсіздік алаңы және Сағдиев көшесі секілді қаланың ең көрнекті жерлерін үйлесімді сәулетімен және дизайнерлік шешімдерімен ерекшеленетін бірыңғай туристік бағытқа біріктіру көзделген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президентке «Көк шалғын»  жобасы таныстырылды

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев жоба аясында аумақты көгалдандыру, сондай-ақ автоматты суару жүйесі, құрғақ субұрқақ, декоративті шамдар мен сәнді орындықтар орнату жұмыстары жүргізілетінін айтты. Қопа көлімен және жаңа жағалаумен ұштасатын кеңістік қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы ортаға айналады. Жалпы аумағы 7,5 гектарға жуық жер абаттандырылып, жасыл желек отырғызылмақ.

ывы

Президентке «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында Көкшетауда 7 мыңнан астам ағаш отырғызылғаны туралы баяндалды. Жыл соңына дейін оның саны 11 мыңға жеткізіледі.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы биыл маусым айында пайдалануға берілген жаңа жағалаумен танысты.

Бөлісу:
Президентке «Көк шалғын» жобасы таныстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар