Қылмыс
1 мин оқу 90

Алаяқтарға SIM-карта ұсынғандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық киберпол қызметкерлері мессенджерлерге тіркеу үшін көп мөлшерде SIM-карталар мен мобильді телефондарды сатып алып, пайдаланған адамдар тобын ұстады,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алаяқтарға SIM-карта ұсынғандар ұсталды

Тексеру барысында 400-ден астам SIM-карта, ондаған банк картасы мен бірнеше мобильді телефон тәркіленген. Аталған құрылғылар заңсыз әрекеттер үшін қолданылғаны анықталып отыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, SIM-карталар мен телефондар telegram және whatsApp мессенджерлерінде тіркеу кезінде растау кодтарын қабылдау үшін сатып алынған. Қазіргі таңда ұсталған азаматтардың интернет-ресурстар арқылы жасалған бірқатар алаяқтықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

- Интернет-алаяқтықпен күрес – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Біз SIM-карталардың заңсыз айналымына қатысты тізбектерді анықтап, полицияның өзге де бөлімшелерімен бірлесе отырып, барлық мән-жайды анықтау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту мақсатында кешенді тергеу іс-шараларын жүргізіп жатырмыз, - деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Қазіргі уақытта толық көлемде тергеу және жедел шаралар кешені жүргізілуде.

Бөлісу:
Алаяқтарға SIM-карта ұсынғандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар