Жаңалықтар
1 мин оқу 390

БҰҰ ІІ дүниежүзілік соғыстың құрбандарын еске алды

OONАЛМАТЫ. 8 мамыр.  Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Екінші дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығын еске алды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. Әлемге танымал ғимараттың ауласында тарихтағы айтулы датаға орай еске алу шарасы ұйымдастырылды. БіріккенҰлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун соғыстың зардабы мен оның құрбандарын еске алып, зұлмат енді қайталанбасын деген ниетпен ағаш отырғызды. Бейбіт болашаққа аманат артылды. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ресейлік өкілдердің өтінішіне орай, арнайы жиын өткізді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: lenta.ru.
Бөлісу:
БҰҰ ІІ дүниежүзілік соғыстың құрбандарын еске алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар