Президент
1 мин оқу 200

Президент «Әл-Азһар» университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті

<p style="text-align: justify;">Қ.Тоқаев&nbsp;Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайниге&nbsp;ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келгеніне ризашылық білдірді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президент «Әл-Азһар» университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына толық сай келетініне, оның бастамалары жалпы адамзат өркениетінің бірлігін нығайта түсетініне тоқталды.

Мемлекет басшысының пікірінше, Астанада өтіп жатқан Съезд – Қазақстанның дінаралық келісімді нығайту жолындағы табанды саясатының көрінісі. Ал діни көшбасшылардың басқосуы – жай ғана кездесу емес, нақты шешімдер қабылданатын маңызды платформа.

Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы шейх Ахмет ат-Тайебтің ізгі сәлемін жеткізіп, Съездің әлемде бейбітшілікті орнықтыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Бөлісу:
Президент «Әл-Азһар» университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар