Байқау
1 мин оқу 20

«Дариға-ай» жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, &laquo;Құрмет&raquo; орде&shy;нінің иегері, тәуелсіз &laquo;Тар&shy;лан&raquo; сыйлығының лауреа&shy;ты, көрнекті режиссер Жанат Хаджиев атын&shy;дағы халықаралық театр фести&shy;валі өз мәресіне жетті. Фес&shy;ти&shy;валь Ұлытау облысында 13 қыркүйекте ашылған.</p>

«Дариға-ай» жеңіске жетті

Жезқазған қала­сын­да өткен Ж.Хад­­жиев атын­­дағы IV ха­лықаралық театр фес­ти­ва­лінде өнерсүйер қауымға ерекше әсер сыйлаған Абай облыстық «Дариға-ай» жас­тар театры бас жүлдені, «Үздік спектакль» аталымын иеленді.

Театр ұжымы көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» драмасын сахналап, терең фило­софиялық тартысқа толы туынды қазылар алқасын таң­ғал­дырып, көрерменді тәнті еткен. Қойылымның режис­сері – Мей­рам Хаби­буллин. Осы­лайша, режиссердің ізденісі, кейіп­кер­лер­­дің жан дүниесін ашу­дағы ше­берлігі мен сах­налық шешім­дерінің ерекше­лігі үздік бағаланып отыр.

Облыстағы Абай атындағы театр құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры профессор Дариға Тұранқұлқызы, бел­­гілі қо­ғам қайраткері, абай­­­танушы, Қа­зақ­станның ең­бек сіңірген қыз­мет­кері Төкен Ибрагимовтің баста­масымен 1999 жылы 14 қара­шада ашылды. Сонымен қатар театр­­дың іргетасын қалау­ға профессор Майра Омар­бае­ва, аға оқытушы Мей­рам­­­гүл Алепарова, театр­дың ре­жиссері һәм көркем­дік же­­текшісі болған Ақ­бар­­­әлі Айтыбаев сынды аза­мат­­тар атсалысқанын айта кетке­німіз жөн. Бүгінде театр қоржы­нында қазақ қалам­герлерімен қоса шетел драматургтерінің сүбелі шы­ғармалары бар.

Абай облысы  

Бөлісу:
«Дариға-ай» жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар