Ауа райы
1 мин оқу 510

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктердің хабарлауынша, ел аумағының негізгі бөлігінде әлі де Оңтүстік циклон ықпалы сақталады. Соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Солтүстік-шығыста нөсер жауын күтіліп отыр. Сонымен қатар, орталық пен солтүстік-шығыста бұршақ түсу ықтималдығы бар. Тек батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы орнайды.

Бүкіл республика аумағында желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұман түсуі мүмкін.

Қостанай облысының солтүстік және шығыс бөлігінде түнде ауа температурасы -2°С-қа дейін төмендейді. Алматыда күндізгі ауа райы +18…+20°С шамасында болып, желдің екпіні 3-8 м/с деңгейінде болады.

Бұған қоса, Жетісу өңірінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, сондай-ақ Маңғыстау мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталатыны ескертілді.

Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар