Оқиға
1 мин оқу 540

Алматы облысында 3,5 млрд теңге алимент қарызы өтелді

<p style="text-align: justify;">Биылғы жылдың сегіз айында 3,5 млрд теңге көлеміндегі алименттік берешек өтелді. Сонымен қатар қасақана төлемеген&nbsp;50 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Оның ішінде 33 адам сотталып, 17 іс берешекті ерікті түрде өтеуіне байланысты тоқтатылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында 3,5 млрд теңге алимент қарызы өтелді

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, аудандық сот борышкер «А»-ны 2,1 млн теңге қарызы үшін бір жылға бостандығын шектеуге үкім шығарған. Ол екі жылдан астам уақыт бойы алимент төлемей келген.

«Сонымен қатар, алименттік қарыздарды өтеу үшін 4 жылжымайтын мүлік (жер телімдері, үйлер) тәркіленді. Мәселен, 5 млн теңге берешегі бар борышкер «И»-дің орнына сот орындаушысы Еңбекшіқазақ ауданындағы 100 шаршы метр тұрғын үйді өндіріп алды», делінген хабарламада.

Прокуратураның бастамасымен 169 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардың 108-і 5 тәулікке дейін қамауға алынған.

Бөлісу:
Алматы облысында 3,5 млрд теңге алимент қарызы өтелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар