Қоғам
1 мин оқу 70

«ҚТЖ-Жүк тасымалына» 1,42 млрд теңге айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі &laquo;ҚТЖ-Жүк тасымалы&raquo; компаниясына 1,42 млрд теңге айыппұл салды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><strong>&nbsp;</strong>агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«ҚТЖ-Жүк тасымалына» 1,42 млрд теңге айыппұл салынды

Агенттіктің Астанадағы департаменті келіп түскен шағым негізінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына қатысты тергеу жүргізді.

Тексеру қорытындысында компанияның өзімен аффилиирленген ұйымдарға – «KTZ Express» АҚ мен «КедентрансСервис» АҚ-ына басымдық беріп, жекелеген экспедиторлардың қызметіне кедергі жасағаны анықталды. Мұндай әрекеттер монополиялық жағдайды теріс пайдалану деп танылды.

«Соттың 22 тамыздағы шешімі бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына 1,42 млрд теңге айыппұл салынды. Ал 2025 жылғы 15 қыркүйекте Астана қалалық соты алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды», деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
«ҚТЖ-Жүк тасымалына» 1,42 млрд теңге айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар