Олимпиада жеңімпаздарына 100 млн теңгеден астам сыйақы берілді
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда 2022 жылдан бері халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға қаржылай сыйақы беріліп келеді. Ережеге сәйкес, алтын медаль иегерлері – 1500 АЕК-ке дейін, күміс жүлдегерлер – 1000 АЕК-ке дейін, ал қола медаль иегерлері – 500 АЕК-ке дейін марапатталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2025 жылы олимпиада жеңімпаздары мен олардың тәлімгерлеріне жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам біржолғы сыйақы берілді. Мемлекеттік қолдау тек оқушыларға ғана емес, олардың жетекшілеріне де бағытталған», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Бұдан бөлек, халықаралық олимпиада жеңімпаздарына «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алу мүмкіндігі ұсынылған.