Қысқы маусымға 31,1 млн тонна мал азығы дайындалды
<p style="text-align: justify;">Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 23,6 млн тонна шөп (жоспардың 96,2%-ы), 1,8 млн тонна пішендеме (107,9%), 1,7 млн тонна құрамажем (31,5%), 1,5 млн тонна сабан (75,4%), 2,4 млн-нан астам тонна сүрлем (52,6%) дайындалған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Солтүстік Қазақстан облысында (134,2%), Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%) белсенді жұмыс жүргізілген, сондай-ақ Жетісу облысында (104,8%) жоспар орындалған.
Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп бағалап отыр.