Өндіріс
2 мин оқу 50

Қыш зауыты іске қосылды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Ықыластемір елді мекенінде &laquo;Altyn land&raquo; ЖШС-нің автоматтандырылған қыш зауыты іске қосылды. Нысан жеке кәсіп&shy;кер&shy;дің қаражаты есебінен салынған. Жоба құны &ndash; 2,3 млрд теңге. Өткен жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмысы биыл тамызда аяқ&shy;талған. Жылына 90 млн дана кір&shy;піш шығаратын зауытта 120 жаңа жұмыс орны ашылды.</p>

Қыш зауыты іске қосылды

Кәсіпорында озық тәжірибе мен жоғары технологиялар негізінде жұмыс істейтін жылжымалы туннельді пеш жүйесі қолданылады. Жоба соңғы үлгідегі инновациялық технологиямен жабдықталған. Өндіріс үдерісі толығымен авто­маттандырылған. Зауыт эко­логиялық жағынан да тиімді. Кір­піш күйдіру үшін газ пай­дала­ны­лады. Бұл атмос­фе­раға бөлі­нетін зиянды қалдықтардың мөл­шерін азайтып, қоршаған ортаға түсетін салмақты жеңілдетеді.

– Мемлекет басшысы «Жергі­лікті өнім өндірушілердің әлеуетін барынша пайдалану маңызды. Мемлекет отандық өнім өндіру­шілерді қолдайды», деп атап өткен еді. Бұл бағытта Түр­кістан облысында жүйелі жұ­мыс атқарылып жатыр. Бүгін­де  қысқа мерзімде салынып, іске қосылған зауыттың нақты өні­мін көріп отырмыз. Бұл – жер­гі­лікті атқарушы органның, инвесторлардың және барлық мүдделі тараптың тиімді іс-қимылының нәтижесі. Өндіріс шағын және орта бизнестің дамуына, салық түсімдері мен жергілікті бюджеттің нығаюына үлес қосады. Кәсіпорын облы­сымыздағы құрылыс сала­сының дамуына серпін бере­тін маңызды нысан болатынына сенімдімін. Осы бағыттағы жобаларға облыс әкімдігі тарапынан алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсетіледі, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

а

Осы аудандағы Қарақұм ауылында суару жүйелеріне арнал­ған параболалық бетон лотоктар шығаратын өндіріс те іске қосылды. «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны базасында іске қосылған өндіріс орны шығаратын параболалық лотоктардың каналдарға орнатылуы су шығынын 40%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа өндіріс алаңында тәулігіне 45 дана параболалық бетон лоток жасалады. Жоба құны – 350 млн
теңге.

Зауытта 20 тұрақты жұмыс орны құрылды. Лотоктар ЛР6, ЛР8, ЛР10 маркаларында шы­ғарылып, болашақта ішкі на­рықпен қатар Еуропа елдері мен Қытайға экспортталуы  мүмкін. Зауыт бетон араластыру қондырғысы, бу қазандығы, порталды кран, арматуралы сетка тоқу жабдықтарымен то­лық жабдықталған. Өндірілетін құрылғылардың нарықтағы бағадан 20-30%-ға арзан болуы – жергілікті шаруалар мен су шаруашылығы құрылымдары үшін үлкен жеңілдік.

пр

«Тұран су» – стратегиялық нысандарды басқаратын маңыз­ды кәсіпорын. Кәсіпорын тең­герімінде 20 суқоймасы, ­­­­3 су торабы, 1 400 шақырымды қамтитын 110 канал, 3 өндірістік-техникалық база, 81 арнайы техника бар.

Облыс әкімдігінің қол­дауымен су шаруашылығын жаң­ғырту бағытында 3,6 млрд теңгеге 60 арнайы техника сатып алынды, оның ішінде, 24 техника аудан, қала әкімдіктеріне беріліп, 1 200 шақырым каналдар мен қашыртқылар тазаланды. 650 млн теңгеге «Су үнемдеу технологиясы өндіріс желісі» іске қосылды. Ол жылына 9 мың гектар егістікке қызмет көрсетеді.

Түркістан облысы 

Бөлісу:
Қыш зауыты іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар