Оқиға
1 мин оқу 20

Павлодарда жылу электр орталығында жұмысшы қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Еңбек инспекторларының мәліметінше, қайғылы жағдай бойынша тексеріс басталып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Павлодарда жылу электр орталығында жұмысшы қаза тапты

Павлодар облысы жедел медициналық жәрдем стансасының хабарлауынша, 23 қыркүйек күні сағат 15:00 шамасында ЖЭО-2-ге шақырту түскен. Бригада 9 минут ішінде оқиға орнына жеткенімен, зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

Жұмысшының қаза тапқанын еңбек инспекторлары да растады. Олар жағдайдың мән-жайы тексеріс барысында анықталатынын атап өтті.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-2 станциясында жұмыс барысында қайғылы оқиға орын алды. Нәтижесінде 1992 жылы туған 4-разрядты дәнекерлеуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті.

Бөлісу:
Павлодарда жылу электр орталығында жұмысшы қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар