Қоғам
1 мин оқу 70

Той қонақтарының санына шектеу қойылды

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанда үйлену тойлары, ас беру рәсімдері және басқа да отбасылық шараларға 200-ден артық қонақ шақыруға тыйым салынды. Бұл талап 2025 жылғы 16 қыркүйекте министрлер кабинеті бекіткен &laquo;Рационалды тұтыну&raquo; бағдарламасында көрсетілген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Той қонақтарының санына шектеу қойылды

Бағдарламаның мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орынсыз шығындарды қысқарту, үнем мәдениетін қалыптастыру.

Бұған дейін де 2019 жылы қабылданған құжатта тойға 200 адамнан артық шақыруға болмайтыны, палау тарату 250-300 адамға дейін рұқсат етілетіні жазылған еді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, салтанат кезінде артық шоу-бағдарламалар өткізуге, қосымша той-томалақ ұйымдастыруға болмайды. Сондай-ақ жерлеу және ас беру рәсімдерінде де шығындарды қысқарту қарастырылған.

Бөлісу:
Той қонақтарының санына шектеу қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар