Оқиға
1 мин оқу 310

Атырауда ер адам 9 жастағы баланы ойын алаңында соққыға жыққан

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның ойын алаңында жүрген балаға жақындап барып соққы жасаған сәті бейнеленген. Бұл дерекке қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда ер адам 9 жастағы баланы ойын алаңында соққыға жыққан

Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, шабуыл жасаған адамның жеке басы мен орналасқан жері анықталып жатқанын хабарлады.

«Бейнебақылау камерасының жазбалары тексеріліп жатыр. Куәгерлерден жауап алынады. Жеңіл дене жарақатын алған жәбірленуші 9 жасар балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Атырауда ер адам 9 жастағы баланы ойын алаңында соққыға жыққан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар