Қылмыс
1 мин оқу 20

Полицейлер интернет алаяқтарды қолға түсірді

<p style="text-align: justify;">Шымкентте полиция ірі қылмыстық топты құрықтады. Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы күрес бастады,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полицейлер интернет алаяқтарды қолға түсірді

Соның аясында Шымкент, Алматы қаласы мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Тексеру барысында күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 9 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген материалдық шығын жалпы сомасы 141 миллион теңгеден асып отыр.

Арнайы операция кезінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қолға түсті. Олар осы қылмысты ұйымдастырып жүрген топ басшысы, дропперлерді тартумен айналысқан екі күдікті сондай-ақ қолма-қол ақша алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған тасымалдаушы. Осы іске қатысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде.

Айта кету керек қылмыскерлерді ұстау іс-шарасы қалалық прокуратураның үйлестіруімен қолға алынды. Полиция департаменті мамандарының айтуынша 16 қыркүйектен бастап елімізде банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жасаған азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бөлісу:
Полицейлер интернет алаяқтарды қолға түсірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар