Шаруашылық
1 мин оқу 30

Қамбаға астық құйылды

<p style="text-align: justify;">Қызылжар өңірінің ди&shy;қандары биылғы орақта тамаша нәтижеге жетіп отыр. Кейбір озық ша&shy;руашылықтар арпаны гектарынан 40,5, бидайды 41,5 центнерден алған. Мәселен, жылына 10 мың гектар жерге егін салатын &laquo;Новомихайловский-2003&raquo; ЖШС басшылығының айтуынша, мұндай жетіс&shy;тікке барлық агротех&shy;ника&shy;лық шараны жіті ат&shy;қарғандықтан жеткен.</p>

Қамбаға астық құйылды

«Қазір барлық алқаптың ­50 па­йызына жуығын бастырып ­бол­дық. Орақты 4 тамызда бастаған ­едік. Алдымен бұршақ пен жасы­мықты жинап алдық. Бұлар қазір ­үлкен сұранысқа ие, бағалары да жақсы. Былтыр арпаның өнімділігі гектарына 30 центнер болған, биыл міне, 40,5 центнерге жетті. Би­дай да былтырғыдан 4 центнерге жоғары. Минералды тыңайт­қыштарды уақытында жеткізіп, жаз күндері жасалатын агротехникалық шараларды да мезгілінде орындадық. Оның үстіне, Үкіметтің берген көме­гінің арқасында жаппай озық техникаларға қолжеткіздік. Мы­салы, биыл жасанды интеллект жүйесі орнатылған екі комбаин сатып алдық. Сапасы өте жақсы, кабиналарының жайлылығы да керемет», дейді шаруашылық басшысы Вячеслав Щеголев.

Оның сөзінше, министрлік көктемгі дала мен күзгі орақ жұ­мысына едәуір ар­зан­датыл­ған дизель отын беріпті. Оның да көмегі орасан. «Кең Дала-2» ар­қылы қаржы­ландыру 2,5 есе артып, 104,4 млрд теңгеге жеткен. 37 млрд теңгесі «Солтүстік» ӘКК» АҚ ар­қылы берілсе, қал­ғанын «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөліпті. Облыстық ауыл ша­руа­­шы­лығы басқармасы биыл ор­­таша гектар түсімі 16,5 цент­нер­ден айналады деп болжайды.

Бүгінге дейін облыс көле­мінде 1 млн 100 мың гектардай жердің астығы алынды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Қамбаға астық құйылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар