Жаңалықтар
1 мин оқу 760

Суретші Ғалым Қаржасов «Құнанбай» фильміне түсті

08.05.2015 Pav-1ПАВЛОДАР. 8 мамыр. Қазақстанның халық әртісі, режиссер-продюсер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильмінде павлодарлық суретші Ғалым Қаржас бидің рөлін сомдайтын болды.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 08.05.2015 Pav-2Бәрі күтпеген жерден болған. Әртіс досы Секербек Жабықбай кастингке барар кезде суретшінің де фотосуретін ала кетіпті. Енді суретші Құнанбай көркем фильмінде Ас кезіндегі жиындардың бірінде бидің рөлін сомдайды. Кино Абай ауданы Қарауыл ауылының маңында түсіріліп жатқандықтан жергілікті тұрғындар да қатысты. Түсірілім өткен жылы шілде айының 15-де басталды. «Құнанбай» фильмінің сценарийін Досқан Жолжақсынов пен кинодраматург марқұм Таласбек Әсемқұлов жазған. 25-ші мамырдан кейін еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Тұсаукесер қойылым Қарауыл мен Астанада ұсынылады. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz
Бөлісу:
Суретші Ғалым Қаржасов «Құнанбай» фильміне түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар