Экспорт
1 мин оқу 0

Сегіз елге ет экспортталған

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында ет экспорты бойынша жұмыс жүйеленген. Осы жылы жамбылдық шаруалардың өнімі бірнеше мемлекетке сатылған, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Сегіз елге ет экспортталған

Өңірдегі жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 40 пайыздан астамы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі. 2025 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өңірде 64,8 мың тонна ет өндірілді. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, жыл басынан бері 1 615,2 тонна ет және 340 тона шұжық өнімдері экспортталды. Оның ішінде сиыр еті – 661,2 тонна, қой еті – 953,7 тонна, жылқы еті - 0,2 тонна, құс еті – 1302,2 тонна. 

Өнімдер Қырғызстан, Қатар, Кувейт, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран және Германия елдерінің нарығына жөнелтілді.Өңірде мал шаруашылығын дамытуға тұрақты түрде көңіл бөлінуде. Сыйымдылығы 1 000 бастан жоғары 9 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Қуаттылығы тәулігіне 300 бас ұсақ малды және 50 бас ірі  қара малды сойып, өңдейтін 2 ет өңдеу кәсіпорыны бар. 

Жамбыл облысы.

Бөлісу:
Сегіз елге ет экспортталған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар