«Реал» «Қайратқа» қарсы қандай құрамда ойнайды
<p style="text-align: justify;">Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Алматыға Мадридтің әйгілі «Реал» клубы келді. Оларды әуежайдан қарсы алуға құлшынған жанкүйерлердің қатары өте көп болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Корольдік клубтың бас бапкері Хаби Алонсо келген бетте 30 қыркүйекте өтетін УЕФА Чемпиондар лигасының матчында қай шәкірттеріне сенім артатынын мәлімдеді. Олар: Қақпашылар – Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро. Қорғаушылар – Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес. Жартылай қорғаушылар – Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос. Шабуылшылар – Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.