Аймақтар
1 мин оқу 170

Атырау облысының жаңа прокуроры тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Бас Прокурордың бұйрығымен енді Атырау облысының прокуроры қызметін Мадияр Басшыбаев атқарады,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысының жаңа прокуроры тағайындалды

Бас прокуратураның мәліметінше, Мадияр Бекенұлы 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін құқықтану мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасында басқарма прокуроры болып бастаған. Әр жылдары Ақтөбе облысы мен Алматы қаласының прокуратураларында құрылымдық бөлімшелерді басқарды.

Алматыдағы Медеу, Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының аппарат басшысы, Бас прокуратураның Стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары болды.

Кейін Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, осы кезге дейін Жетісу облысының прокуроры қызметін атқарып келген.

Бөлісу:
Атырау облысының жаңа прокуроры тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар