«Ақылды каска» өндірістегі қауіпсіздікті қадағалайды
<p style="text-align: justify;">Минскідегі «ИННОПРОМ.Беларусь» халықаралық көрмесінде Қазақстандық Best Vision Technologies компаниясы өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «ақылды каска» сериялық өндірісін келушілер назарына ұсынды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Каскаға орнатылған камера жасанды интеллектпен интеграцияланып, динамик және микрофонмен жабдықталған. Осы мүмкіндік шеңберінде «ақылды каска» нақты уақыт режимінде жұмысшының барлық іс-әрекетін менеджерге хабарлап отырады. Екі жақты байланыс орнатуға да мүмкіндік қарастырылған. Өндірістегі локализация деңгейі 63%-ға жететін құрылғы орналасқан жерді бақылауға арналған GPS модулімен жабдықталған және Wi-Fi әрі ұялы байланыс арқылы жұмыс істейді.
Техникалық «көруді» қолдана отырып, жасанды интеллект камерадан бейне ағынын талдайды және қауіпсіздік ережелері бұзылса автоматты түрде анықтайды.