Жаңалықтар
1 мин оқу 247

Жаңабет ауылын су басып қаупі төніп тұр

08.05.2015 Pav-3ПАВЛОДАР. 8 мамыр. Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылын су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ауыл Ертіс өзені жағасында орналасқан. Қазір өзен суы ауылға жақындап келеді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, судың деңгейі күніне екі мәрте өлшенуде. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, әкімдік су басу жағдайын бақылауға алыпты. Тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ. Дегенмен, апат айтып келмейді. Су бөгейтін қапшықтар да дайын тұр. Арнайы техника да сақадай сай екен.  Ал, өзеннен су босату жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Бірақ, судың биыл бірінші рет шамадан тыс жайылып кетуі тұрғындарды алаңдтауда. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz
Бөлісу:
Жаңабет ауылын су басып қаупі төніп тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар