Аймақтар
1 мин оқу 30

Жыл кітапханашысы атанды

<p style="text-align: justify;">Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана дирек&shy;торының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақ&shy;стан кітапханалары одағының шешімімен &laquo;Жыл кітапханашысы &ndash; 2025&raquo; аталымына ие болды.</p>

Жыл кітапханашысы атанды

Марапат Шым­кент қаласында өткен «Қазақ­стан кі­тап­ханалары: кітап оқу мә­дениеті, жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбында өткен көшпелі отырыс аясында салтанатты түрде табысталды. Жиында Гүлмира Мұрат-қызы «Жер­гілікті қаламгерлер шы­ғар­машылығы – кітап­ханалар қорын толықтыру көзі ре­тінде» тақырыбында баяндама жасап, Абай кітап­ханасының іс-тәжі­рибесімен бөлісті. Облысқа қарасты кітапханалар қорларын толықтыру жұмысы туралы баяндады.

– Абай атындағы облыс­тық әмбебап кітапханада бүгінде 400 мыңға жуық кітап қоры бар. Оның ішінде 5 мыңнан аса кітапты сирек басылымдар қоры құ­райды. Кітаптардың 1 500-ге жуық данасы цифр­лан­ды­рылып, пай­да­лану­шы­ларға ұсы­ныл­ған. 20 мыңға тарта тұ­рақты оқырман жыл сайын кітапха­наның қызметін пайдаланады. Бүгінде қыз­меткерлер «Абай жолы» кітапханасы, «Алаш» сынды ірі жобаларды жүзеге асырып, ұлт­­­­тық мұ­рамызды наси­­хат­тау­ға елеу­лі үлес қосып отыр, – дейді жыл кітап­хана­шысы.

Тағы бір айта кетер жайт, Абай кітапханасы биыл мамыр айында «Рухани қазына – 2025» фестивалі аясында «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» аталымын жеңіп алып, 1 млн теңге көлеміндегі жүлдеге ие бол­ған еді.

 

Абай облысы

Бөлісу:
Жыл кітапханашысы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар