Аймақтар
1 мин оқу 30

Көңіл тоғайтар кеңістік

<p style="text-align: justify;">Қонаев қаласының 55 жылдығына орай мәдени-спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде аталып өтті. Жаңа нысандар пайдалануға берілді. Соның бірі әрі бірегейі келушілердің көңі&shy;лін өсіріп, тынысын кеңейтетін сән-салтанаты келісті &shy;жаңа демалыс орнының қызығын қала жұртшылығы көре бастады. Жасыл желекті алаңқайда серуендеген қалалықтардың қарасы көп. Демалыс аймағы Қойшыманов &ndash; Алматы көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанның жалпы аумағы 6 527 шаршы метрді құрайды.</p>

Көңіл тоғайтар кеңістік

Аймақ толықтай кө­гал­­дан­дырылған, сән­дік ағаш­тар мен көпжылдық өсім­діктер отыр­­ғызылған. Орындықтар, әткен­шектер мен ландшафтық элементтер көңіл тоғайтады. Кеңістік эколо­гиялық, функ­ционалдық және эс­тетикалық талаптарға сай жасақ­талуымен ерекшеленеді.

п

Мұнда «Өмір ағашы» атты арт-нысан айрықша көз тартады. Ол «Алтын Адам» киім үлгілерінің эле­менттері бей­неленген тас құры­лым тү­рінде орын­далған. Қасында осы бейнелердің тарихи маңызын баяндайтын QR-код орнатылған.

ро

Жаңа алаңқайда жаяу жүр­гінші жолдары, фото­аймақтар, қоршау мен арка­лық құрылымдар қарас­тырылған. Арнайы әзір­ленген тұжырымдамаға сәйкес, бұл кеңістік жай ғана демалыс орны емес, отбасылық серуен мен мәдени демалыстың мекеніне айналары анық.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Көңіл тоғайтар кеңістік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар