Қазақстан
1 мин оқу 50

Елімізде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

<p style="text-align: justify;">Ел өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналған, нәтижесінде 19,8 млн тонна астық бастырылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Сонымен қоса, 1,3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 229,2 центнер өнімділікпен 2,4 млн тонна картоп және гектарына 303,1 центнер өнімділікпен 3,2 млн тонна көкөніс жиналған.

Нақты атағанда, 324 ц/га өнімділікпен 427,5 мың тонна қырыққабат, 429 ц/га өнімділікпен 897,4 мың тонна пияз, сондай-ақ 286,8 ц/га өнімділікпен 328,5 мың тонна сәбіз жиналды.

Науқан – ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес мерзімде жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: