Спорт
1 мин оқу 80

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін мемориалдың мұз айдынына алғаш болып&nbsp;қыздар шықты.&nbsp;Олар жасөспірімдер арасында өткен қысқа бағдарламада өнер көрсеткен, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды

Ұлттық олимпиадалық комитет қыздар арасындағы тартыстың нәтижесін жариялады. 60.93 ұпаймен Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин Сон бірінші орынды иеленсе, екінші орынға 60.62 ұпаймен отандасы Ким Гонхи тұрақтады. Үшінші аралық орын Арина Калугинаға бұйырды - 51.71 ұпай. Қазақстан құрамасынан үздік нәтижені Анна Санникова көрсетті. Ол қысқа бағдарламада алтыншы орынға табан тіреп, 48.88 ұпай еншіледі.

Бүгін турнир аясында әйелдер мен ерлер арасында да сайыстар өтеді. Ерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Михаил Шайдоров өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар