Мұғалімдер күніне қандай сыйлық жасауға рұқсат етіледі
<p style="text-align: justify;">Елімізде 5 қазан – Мұғалімдер күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке ұстаз еңбегіне құрмет көрсетудің айрықша күні. Әдетте мереке қарсаңында ата-аналар мен оқушылар арасында «мұғалімге қандай сыйлық жасауға болады?» деген сауал жиі қойылады. Көпшілік гүл сыйлауды дәстүрге айналдырғанымен, оның да белгілі бір заңдық шектеулері бар, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, егер сыйлық құны 19 660 теңгеден асып кетсе, бұл заң бұзушылыққа жатады.
«Егер сыйлық құны 5 АЕК-тен асып, мұғалім сый жасаған адамның пайдасына әрекет етсе, мұндай жағдай Қылмыстық кодекстің 247-бабына («Заңсыз сыйақы алу») сәйкес жауапкершілікке әкеледі», деп ескертті агенттік.
Айта кету керек, 2023 жылдан бастап Қазақстанда Мұғалімдер күні жыл сайын 5 қазанда ресми түрде атап өтіледі. Бұған дейін мереке қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келген.