Аймақтар
1 мин оқу 70
ШҚО-да есірткі граффитилері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды
<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында есірткі сататын онлайн-дүкендердің жарнамасы мен «қоймашы болып жұмыс істеу» туралы ұсыныстар жазылған жазулар өшірілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Есірткі граффитилерін» өшіруге 100-ге жуық адам қатысқан. Тұрғын үй аулаларын аралау барысында 50-ден астам есірткі граффитилері анықталған.
ШҚО прокуратурасы рейдтердің нәтижесінде «Есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша 8 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Құзырлы орган мұндай жазуларды салу — бейқам әрекет емес, бұл қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және ауыр жазаға, тіпті бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін екенін ескерткен.
Бөлісу: