Қазақстан делегациясы халықаралық III Жастар форумына қатысты
<p style="text-align: justify;">1-3 қазан күндері Минскіде (Белорусь) өткен III Жастар форумына ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (ЕАЭО) келген белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қазақстан атынан студенттік жастар қозғалысының көшбасшылары сөз сөйледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Форум бағдарламасында панельдік сессиялар, стратегиялық пікірталастар, интеграцияның болашағына арналған форсайт-трек, сондай-ақ мәдени іс-шаралар мен бейресми кездесулер болды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше іс-шараның негізгі мақсаты – түрлі мемлекет жастары арасындағы диалогты дамыту, өзара түсіністікті нығайту және қазіргі заманның өзекті сын-қатерлеріне бірлесіп шешім іздеу.
Форум қорытындысы бойынша мәдениет, білім, ғылым және инновация саласында жастар ынтымақтастығын одан әрі дамытуға арналған бірлескен бастамалар мен ұсынымдар әзірленбек.