Төтенше жағдай
1 мин оқу 110

Атыраудағы мейрамхана кешенінде ірі өрт болды

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында орналасқан мейрамхана кешенінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Атыраудағы мейрамхана кешенінде ірі өрт болды

Төтенше жағдай 4 қазанда Атыраудың Геолог шағын ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Аққұлов көшесіндегі екі қабатты мейрамхана кешенінің шатыры жанып кеткен.

Өрттің жалпы аумағы – 500 шаршы метр; Екінші қабаттағы кафе шатырына дейін от шарпыған; Қатты өртенген бөлігі – ағаштан жасалған шатыр конструкциялары.

ҚР ТЖМ дерегінше, өртті сөндіру үшін оқиға орнына өрт сөндіру бөлімдері жіберілген.

«Өрт 500 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Атыраудағы мейрамхана кешенінде ірі өрт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар