Экология
1 мин оқу 310

Экологиялық бастама Сырға жетті

<p style="text-align: justify;">&laquo;Таза Қазақстан&raquo; роуд-эстафетасы Жаңақорған ауданында жалғасты. Апта басында Алматы облысынан басталған экологиялық эстафета Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Түркістан облысы аумағынан өтіп, Қызылорда облысына келіп жетті,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Экологиялық бастама Сырға жетті

Эстафета аясындағы тазалық жұмыстарына «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері, еріктілер, Жаңақорған ауданындағы ауылдар белсенділері де үлес қосты. Іс-шара аясында «Open Air» форматында жастармен еркін форматта кездесу ұйымдастырылып, онда экосана, еріктілік және болашаққа жауапкершілік сынды маңызды тақырыптар талқыланды.

Алда эстафетаға қатысушылар Жаңақорғаннан Шиелі ауданына «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» күре жолы бойын тазалай отырып жетеді. Әрі қарай Шиелі ауданынан Қызылорда бағытына қарай жол жиегіне тазалық ұйымдастырады. Эстафета Қызылорда қаласында қорытындыланады. 

Бөлісу:
Экологиялық бастама Сырға жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар