Оқиға
1 мин оқу 50

Қырғызстан аумағында жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша сағат 02:29-да 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қырғызстан аумағында жер сілкінді

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Талас жотасының аумағында, Чакмак-Суу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымда, Башкы-Туш ауылынан солтүстікке қарай 25 шақырымда және Талас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 85 шақырымда орналасқан.

Жер сілкінісінің күші:

  • Чакмак-Суу ауылдарында – 5,5 балл;
  • Башқы-Терек – 5 балл;
  • Қара-Сай, Кек-Сай, Шекер, Қайнар, Шоң-Қара-Буура, Бақай-Ата – 4,5 балл;
  • Таласта – 4 балл.

Төтенше жағдайлар министрлігі қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпараттың әзірге түспегенін айтты.

Бөлісу:
Қырғызстан аумағында жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар