Аймақтар
1 мин оқу 70

Қарағандыда елік атқандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысында табиғатты қорғау полициясы мен &laquo;Карохотрыбпром&raquo; ЖШС аңшы инспекторлары&nbsp;түнгі рейд кезінде заңсыз аңшылық фактісін тіркеді.&nbsp;Түнгі сағат 2 шамасында елік атқан 48 және 40 жастағы екі қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағандыда елік атқандар ұсталды

Тексеру барысында олардың тек бір лицензия рәсімдеп, оны тіркетпегені анықталды. Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің айтуынша, бұл – аңшылық ережелерін өрескел бұзу болып саналады.

Оқиға орнынан екі еліктің тушасы, бір ұңғылы мылтық және бірнеше патрон айғақ зат ретінде тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Қарағандыда елік атқандар ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар