Табиғат
1 мин оқу 70
Cирек кездесетін аң бейнежазбаға ілінді
<p style="text-align: justify;">Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (Алматы облысы) аумағында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) кездескен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Аталған жабайы жануар – Ақсай филиалының инспекторлары жүргізген рейд барысында кадрларға түсіп қалған. Еске салайық, сирек кездесетін жыртқыш Түркістан сілеусіні – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
«Әдетте тек фототұзақ арқылы тіркелетін сілеусін бұл жолы небәрі 5-10 метр қашықтықтан кездесті. Бұл ұлттық парк аумағындағы биоалуантүрліліктің сақталуын және табиғатты қорғау шараларының тиімділігін айқын көрсетеді», делінген хабарламада.
Бөлісу: