Қоғам
2 мин оқу 80

Тұңғыш турист ретінде ғарышқа ұшпақ

<p style="text-align: justify;">Көзіқарақты оқырман турист ретінде ғарышқа аттанған алғашқы адам &ndash;алпыс жастағы АҚШ азаматы Денис Тито екенін ұмыта қоймаған болар. Ол 2001 жылдың 28 сәуірінде &laquo;Союз ТМ-32&raquo; кемесімен ғарышта бір аптасын өткізді. Америкалық кәсіпкер осы сапарына 20 миллион АҚШ доллары жұмсағаны да есте.</p>

Тұңғыш турист ретінде ғарышқа ұшпақ

Ал ғарышқа ұшқан тұңғыш әйел турист түбі Ираннан шыққан Ануше Ансари атты америкалық кәсіпкер еді. Ол да 2006 жылы 18 қыркүйекте ресейлік «Союз ТМА-9» кемесімен көтеріліп, Халықаралық ғарыш стансасында 8 күн қо­нақ­таған.

Деректерді қайта қаузау себебіміз, ал­дағы күндері отан­дасымыз Данна Қара­ғұсова «Blue Origin» компания­сының NS-36 зерттеу миссиясы­­ның құрамында ға­рыш­қа аттанғалы отыр. Сөйтіп 8 қа­занда ол Қазақстаннан шыққан алғашқы ғарыштық турист атан­бақшы.

Елімізді ғарышпен ұш­тас­тыратын тарихи байланыс­тар жеткілікті десек те, Даннаның бұл сапары – ерекше мәнге ие. Адамзат баласының жеті қат көкке көтерілуіне «батасын берген» Байқоңырдан отандасымыз тұңғыш турист ретінде ғарышқа жол тартқалы отыр.

Отандасымыздың өзіне ке­летін болсақ, ол медиа, ивент пен дистрибуция саласында 25 жылдан астам тәжірибе жи­наған маман. Елдегі ең ірі медиа және ивент-холдинг – «First Media Group»-тың негізін қалаушылардың бірі. Данна – тек визионер ғана емес, сонымен қатар ең батыл идеяларды жүзеге асыра білетін тәжірибелі маман ретінде де танылған.

Бүгінде отандасымыз өзін-өзі реттеу сала­сындағы халықаралық IT-жобасының негізін қа­лаушылардың бірі ретінде ерек­ше­ленеді. Осынау ға­рыш сапары оның зерттеу жұ­мыс­та­рының бір парасы әрі жұмыс жобалары аясында өз командасы әзірлеп жатқан технологияларды жеке сынап көреді.

«Адамзаттың келешегі ға­рышпен тікелей байланысты. Біз жаңа көкжиектерді игере отырып, технологияларды да дамытып, өз мүмкіндіктерімізді кеңейте түсеміз. Мен үшін бұл сапар – жылдар бойы жинаған тәжірибем мен арманымның бір бөлшегі әрі зерттеу жобасының маңызды кезеңі», дейді Данна Қарағұсова.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Тұңғыш турист ретінде ғарышқа ұшпақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар