Тағзым
2 мин оқу 20

Сарғайып жеткен қоңыр күз...

<p style="text-align: justify;">Астананың күзі кейде Есенғали Раушановтың жырларына ұқсап кетеді. Селеудей сарғайып көріседі де, қаулаған оттай күреңітіп, жалқыны талаурап, сөнбей жатып алады. &laquo;Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше&raquo; деген ақын неге бұлай жырлағаны сонда байқалатындай. Шайырды еске алуға арналған &laquo;Ұшты менің құстарым бұлттан әрі&raquo; атты поэтикалық кеш К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтіп, қазақ әдебиетінің классигі туралы бірсыпыра естелік айтылып, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.</p>

Сарғайып жеткен қоңыр күз...

Кеш театр ән­ші­лері хормен сал­ған «Қара бауыр қас­қалдақ» әні­мен ашылды. Тізгінші – ақын, Жа­зушы­лар одағы Астана фи­лиалы­ның жетекшісі Бауыржан Ба­бажанұлы Есағаң туралы естеліктер­ді қабаттап отыр­ды. Ұлт әдебиетіне ұлы туын­­дылар ұсынған Әбіш­ Кекіл­байдың Есен­ғали ақын туралы лебізі экраннан естілді. Өлең өлкесіне қадам басқалы елден бөлек Есенғали боп келген, ежелгі әрі жаңа тұрпатты жырлар туралы кемеңгер Әбіш әжелеріміздің кебежесін­де­гі сүрдің сарқындысындай деп бейнелепті. Автордың «жасқа жас, ойға кәрі» соқ­қан танымы терең жырлары төңірегінде Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулет те кеңі­рек тоқталып, естелі­гін қосақтады. Есағаң әскерде жүргенінде-ақ Аманхан Әлім бастаған ақындар оның өлеңдерін дәптерге кө­шіріп алып, өз араларында құ­мары қанғанша оқып таратып, аңызы ерте жеткен. Ал «Есенғалидың Алматыға келуі» туралы жырдың күйіндей әңгіме де, өлең де жетерлік. Шетелдік сапар­лары тіптен шиырланып жатыр.

Сөз сөйлеген адамда толас жоқ, әрине. Ал ақын жырла­рын жеріне жеткізе оқыған шә­кірт шайырлары одан да көп. Атап айт­қанда, ақындар Ерлан Жүніс, Бауыржан Қара­ғыз­­ұлы, Ерғали Бақаш, жазушы Бейбіт Сарыбай, тағы бір топ талантты жас Есенғали өлеңдерін оқыса, соңынан ерген ақын бауы­ры Қалқаман Сарин сөз сөйлеп, жанашырлығын еске алды. Мәдениет және ақпарат министрлігі Ар­хив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі бас­қармасының басшысы, жазушы Алмаз Мырзахмет автор­дың кітаптары биыл алты мың тираж­бен еліміздің барлық кітап­­ха­наға жететінін мәлім­деді.

Нағыз ақын сөздері бара-бара әнге айналып кетеді деген пікір рас, тегі. Есағаңның көп­теген өлеңіне ән жазылған және шыр­қалып жүргені белгілі. Мә­селен, «Жолданбаған хат» атты жырын әншілер екі түрлі нұсқада орындайды. Бірі сал­­мақты, бірі жеңілдеу ыр­ғақта. Еске алу кешінде ақын сөзіне жазылған «Жал­ғыз жиде», «Ақ көйлегің етегі бүрмелі еді» әндерін Айгүл Құмаш, Табылды Досымов ­әнін жазған «Жолданбаған ­хат» туындысын Абыл Аяш және тағы да басқа шығарма­лары орындалды. Жазушы­лар одағы ұйымдастырған еске алу кеші соңында ақын­ның аяулы жары Науат апамыз сөз сөйлеп, Есенғали­дың туған күні – 5 қазанды ­ел көлеміндегі ақындар ­тойына ұластырса деген пі­кі­рін жұптады.

Бөлісу:
Сарғайып жеткен қоңыр күз... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар