Спорт
1 мин оқу 30

Балуандар Лимада бақ сынайды

<p style="text-align: justify;">Перу астанасы Лимада дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Үш күнге созылатын бәсеке барысында 14 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Жарыста еліміздің 18 балуаны өнер көрсетеді.</p>

Балуандар Лимада бақ сынайды

Ұлдар арасында аса жеңіл салмақта күресіп жүрген Талғат Орынбасардың есімі көпші­лікке жақсы таныс. Алдымен жас­өс­пірімдердің әлемдік сайысында қола медаль иеленіп, 2023, 2024 жылдары жастар жарысында да сол нәтижені қай­талаған ба­луан былтыр Душан­бедегі додада сербиялық Матью Жеремик пен қырғыз Адис Орозмама­­тов­ты жолынан ығыстырып, ши­рек ­финалда тәжік Лоик Куд­буддиновке есе жіберді. Одан кейін италия­лық Винченцо Ман­ферлотти мен әзербайжандық Ни­зами Имрановты ұтып, үшін­ші саты­ға табан тіреді. Бұл жолы жан­күйерлер Талғаттан алтын медаль күтеді. Тәжікстанның бас шаһарында өткен чемпионатта Талғаттан бөлек 81 кг салмақта сын­ға түскен Азат Күмісбай да қо­­ла медальға қол жеткізген болатын.

Сондай-ақ Телжан Сұлтанбай (60 кг), Ақылжан Жұбатқанов, Қайырхан Әбдірахман (66 кг), Омар Нұрбергенов (73 кг), Даниил Крылов, Арман Біләлханов (90 кг), Асқар Бержанов (100 кг), Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) белдеседі.

Қыздар сайысында Тасним Әбдуәлі, Сабина Юлдашбекова (48 кг), Нұрайлым Сәрсенбек, Аяулым Қайрат (52 кг), Дана Әбдірова (57 кг), Ділназ Досбер­ген (63 кг), Көркем Орымбек (70 кг), Анастасия Нагачевская мен Салтанат Ахметоваға (+78 кг) сенім артылып отыр.

Бөлісу: