Елорда
1 мин оқу 120

Астанада 300 жаңа қоғамдық автобус пайдалануға беріледі

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада 300 жаңа қоғамдық автобус пайдалануға беріледі

300 автобустың 118-і қалаға жеткізіліп,  желіге шығаруға әзірленіп жатыр. Ал қалған 182 қоғамдық автобусты алдағы 3-4 айда жеткізу жоспарланған. 

«Жаңа автобустар желідегі көлік санын арттыруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде аялдамада күту уақыты қысқарады, жаңа бағыттар ашылып, ескі автобустар кезең-кезеңімен ауыстырылады», деп жазды Жеңіс Қасымбек. 

Қала әкімі  LRT жобасының қазір қандай сатыда тұрғанын да айтты. 

«LRT жобасын іске асыру жұмысы жалғасып жатыр, қазірдің өзінде сынақтық іске қосу жұмысы басталып кетті. Сондай-ақ, жолдар мен жол айрықтарын салу және жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары елордада екі көпір пайдалануға берілді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», деді Астана қаласының әкімі.

Бөлісу:
Астанада 300 жаңа қоғамдық автобус пайдалануға беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар