Алматыда жедел жәрдем көлігі жасөспірімді қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Қалалық полиция қызметінің мәліметінше, оқиға 7 қазан күні сағат 17:20-да Әуезов ауданында болған. Салдарынан 2009 жылғы жаяу жүргінші зардап шеккен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлеуметтік желілерде дәл сол жедел жәрдем бригадасының фельдшерлерінің жасөспірімге көмек көрсетіп жатқан видеосы тарады.
«Науқас жедел жәрдем көлігімен № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Нейрохирург тексерісінен және қажетті талдаулардан кейін «жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, бастың, беттің және сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің көгеруі» диагнозы қойылды», деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.