Тағайындау
1 мин оқу 70
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі тағайындалды
<p style="text-align: justify;">АҚШ Сенаты 51 дауыспен Джули Стаффтты Қазақстандағы елші қызметіне тағайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Cleveland басылымына сілтеме жасап.</p>

Кәсіби дипломат Стаффт бұған дейін Молдова мен Джибутидегі АҚШ миссиялары басшысының орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ Ресей, Эфиопия және Польшадағы американдық дипломатиялық өкілдіктерде жұмыс істеген.
Джули Стаффт Case Western Reserve University мен Duke University оқу орындарын тәмамдаған. Орыс, румын, француз және поляк тілдерін еркін меңгерген.
Бөлісу: