Астаналықтар бірнеше медициналық скринингтен тегін өте алады
<p style="text-align: justify;">Созылмалы және қатерлі ауруларды ерте анықтау мақсатында тегін мемлекеттік медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында Астанада тегін скрининг шарасы өтеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жыл сайын елордада 330 мыңнан астам тұрғын профилактикалық тексеру мен скринингтен өтеді. Мұндай тексерулер ауруды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.
Шара аясында мынадай медициналық тексерулерден ақысыз өтуге болады:
Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және басқа да қауіп факторлары бойынша – 40 пен 76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге;
• Сүт безі қатерлі ісігіне – 40 пен 76 жас аралығындағы әйелдерге (маммография екі жылда бір рет);
• Жатыр мойны обырына – 30 бен 74 жас аралығындағы әйелдерге (цитологиялық тест төрт жылда бір рет);
• Тоқ ішек қатерлі ісігіне – 50 мен 76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге (жасырын қанға талдау екі жылда бір рет).
Тексеру нәтижелері электронды денсаулық паспортына енгізіледі. Қажет болған жағдайда пациент бейінді мамандарға немесе қосымша зерттеулерге жіберіледі.