Заң
1 мин оқу 200

Сотталғандардың қоғамдық жұмыс атқару тәртібі өзгерді

<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен пробация қызметінің және сотталған азаматтардың қоғамдық жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізілді,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сотталғандардың қоғамдық жұмыс атқару тәртібі өзгерді

Жаңа ережеге сәйкес, сот үкімі немесе қаулысы күшіне енгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жергілікті әкімдік:

  • сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамға пайдалы еңбек түрін анықтайды;
  • қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы өкім шығарады;
  • пробация қызметіне үкімнің (немесе қаулының) алынғаны және қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы өкімнің көшірмесін жолдайды.

Сонымен қатар әкімдік:

  • сотталған адамды арнайы киіммен (жилетпен) және жұмысқа қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді;
  • пробация қызметіне атқарылған уақыт табелін, істелген жұмыс актісін және тәртіп туралы мәліметті жібереді;
  • сотталған адамның қоғамдық жұмыстан жалтарғаны анықталған жағдайда, бұл туралы дереу хабарлайды.

Құжатта сотқа дейінгі пробацияның да қолданылу тәртібі нақты көрсетілген. Ол күдіктілер мен айыпталушыларға ерікті түрде ұсынылады. Пробацияға жататындар:

  • кәмелетке толмағандар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • әйелдер (58 жастан асқандар, жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы барлар);
  • ерлер (63 жастан асқандар немесе үш жасқа дейінгі баланы жалғыз тәрбиелеп отырғандар).

Жаңартылған қағида 2025 жылғы 14 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
Сотталғандардың қоғамдық жұмыс атқару тәртібі өзгерді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар