Спорт
1 мин оқу 30

Алан – қола жүлдегер

<p style="text-align: justify;">Қытай астанасы Бейжіңде &laquo;China Youth Smash 2025&raquo; турнирі мәреге жетті. Жарыста 19 жасқа дейінгі ойын&shy;шылар шеберлік байқасты.</p>

Алан – қола жүлдегер

Бақ сынаушылардың қатарында жас­тар­дың әлемдік рей­тин­­гінде жоғары сатылар­ға жайғасқан Ким Гаон (Оңтүстік Корея, №3), Ли Сын­су (Оңтүстік Корея, №4), Рюсей Каваки (Жапония, №5), Ли Хэчэн (Қытай, №7), Чан Ю Ан (Тайпей, №10), Вен Жуйбо (Қытай, №11), Шунто Иваида (Жапония, №15), басқа да танымал спортшылар болды.

Еліміздің намысын Алан Құрманғалиев қор­ғады. Рейтингте 9-орында тұрған қандасымыз Тай­пей, Сингапур, Гонконг өкіл­дерімен бір топта өнер көр­сетті. Олардың барлығын сыпыра ұтып, ширек финалда жастар арасындағы әлем, Азия чемпионы Ли Хеченмен (Қытай) күш сынасты. Аса шиеленісті өткен­ сайыс 4:3 есебімен Құр­манғалиевтің пайдасына шешілді. Жартылай финалда Алан жастар арасында әлем бірін­шілігінің екі дүркін жеңім­пазы Вен Жуйбойға (Қытай) жол берді – 0:4. Сөйтіп, жарысты қола медальмен қорытындылады.

Бөлісу:
Алан – қола жүлдегер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар