Спорт
1 мин оқу 50
Жарыс күнделігі
<p style="text-align: justify;">24 қазанда Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Додада 180 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасады. Еліміздің намысын ерлер сайысында Бекзод Қадірқұлов (54 кг), Темірлан Тілеулес (58 кг), Самирхон Абабакиров (63 кг), Дамир Шүленов (68 кг), Бекасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг), Бейбарыс Қаблан (87 кг), әйелдер бәсекесінде Айдана Құмартаева (46 кг), Нодира Ахмедова (49 кг), Әзиза Қаражанова (53 кг), Мария Севостьянова (57 кг), Айша Әділбекқызы (82 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг), Назым Махмұтова (73 кг), Евгения Каимова (+73 кг) қорғайды.</p>

- Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (30 жеңіс, 18 нокаут, 2 жеңіліс) Ресейдің АСА-сымен келісімшартқа отырды. Кезінде «Алаш Прайдта» шеберлігін шыңдап, кейіннен әлемдегі ең беделді ONE Championship промоушенінің аса жеңіл салмақтағы чемпионы болған қазақтың қайсар ұлының жүріп өткен жолы жанкүйерлердің көз алдында. Әр жеңісінен кейін «Қара жорға» билейтін Қайрат енді іргетасы Шешенстанда қаланған АСА ұйымында өзінің мықтылығын мойындататынына сенімдіміз.
- 11-12 қазан аралығында Астанадағы Назарбаев университетінің атлетикалық кешенінде семсерлесуден «Мықтылар турнирі» өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Гонконг, Қырғызстанның ең үздік спортшыларының басын қосатын додада бірнеше жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Бөлісу: