Спорт
1 мин оқу 32

Азия чемпионатына аттанды

<p style="text-align: justify;">11 қазанда Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Бұл жарыста еліміздің туы астында 10 ойыншы өнер көрсетеді.</p>

Азия чемпионатына аттанды

Бұл біріншіліктің тұсауы 1952 жыл кесілді. Содан бері 27 жа­рыстың жалауы желбіреді. Дені Қытай құрамасының жарқын жеңісмен аяқталды. Олар 327,5 (135 алтын+84 күміс+108,5 қола) рет жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші, үшінші орындарда Жа­пония (18+24+71,5) мен Оңтүстік Корея (14+28+53). Одан кейінгі сатыларға Солтүстік Корея (7+19+27), Гонконг (5+11+37,5), Үн­дістан (2,5+4+10), Тайпей (2+9+23), Син­гапур (1+7+9), Малай­зия (0+0+1), Вьетнам (0+0+1) жайғасты. 

Соңғы Азия чемпионаты бір жыл бұрын Алматыда ұйым­дастырылды. Жарыстың ерлер мен әйелдердің жекелеген сайы­сында Томакадзу Харимото (Жапония) мен Кум Ким Ен (Сол­түстік Корея) озды. Финалда олар Лин Шидун (Қытай) мен Мива Харимотоны (Жапония) ұтты. Жұптық жарыста Лим Чон Хун/Ан Дже Хен (Оңтүстік Корея) мен Сацуки Одо/Сакура Екой­дың (Жапония) екпініне ешкім шыдамады. Аралас жұптардың тартысында Ли Ши Донг пен ­Куай Мэннің (Қытай) мерейі үс­тем болды. Командалық бәсе­ке­де Қытайдың ойыншылары озды. Фи­налда олар Тайпейді тізе бүктірді.

Еліміздің спортшылары са­ры құрлықтың басты дода­сын­да жүлде алып көрген емес. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында Үнді еліндегі жарысқа Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ескендір Хар­ки, Санжар Жұбанов, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Мірқады­рова, Әнел Бақыт, Жанерке Көш­кімбаева, Альбина Жақсылықова сынды ойыншыларымыз аттанды.

Бөлісу:
Азия чемпионатына аттанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар